Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) әлеуметтік желіде қазақстандық боксшыларға Азия ойындарында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Досыммен. Біз Бағланмен бұрын бірге жаттығу жасағанбыз. Сенің бүгінгі жетістіктеріңе, жалпы біздің боксшыларымыздың барлық жетістігіне шын жүректен қуаныштымын. Құрамаға Азия ойындарына сәттілік тілеймін. Олимпиадаға бастар жол сәтті болсын!», — деп жазды GGG.