Бакуде (Әзірбайжан) өтетін «Үлкен дулыға» халықаралық турниріне дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс биыл 22-24 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстандық спортшылар үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

57 келіге дейін: Мөлдір Бейсенова, Бақыт Құсақбаева.

78 келіге дейін: Маргарита Гриценко.

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова.