Ханчжоудағы Азия ойындарының минус екінші жарыс күнінде Қазақстан тек үш спорт түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық академиялық ескек есушілер Светлана Германович пен Мария Чернец екінші мүмкіндігінен жұптық жарыс финалына шықты. Ал Анастас Шашков пен Александр Афанасьев жеңіл салмақтағы жұптық сайыста жұбаныш финалына қатысады.

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдан жеңіліп, енді 11-12 орындар үшін Жапониямен кездесу өткізеді.

Жағажай волейболшылары Сергей Богату - Дмитрий Яковлев топтық кезеңде жеңіліссіз келе жатыр.

21 қыркүйектегі нәтижелер

Академиялық ескек есу

Жеңіл салмақтағы жұптық сайыс – іріктеуАнастас Шашков, Александр Афанасьев - 4-орын (7:03.32). В финалына шықты

Жұптық. Әйелдер – іріктеуСветлана Германович, Мария Чернец – 2-орын (7:38.77). А финалына шықты

Волейбол. Ерлер Қазақстан – Қытай - 20:25, 23:25, 20:25

Жағажай волейболы

Раченко/Уколова - Хасегава/Сакагучи (Жапония) – 9:21, 11:21Алдаш/Гурин – Касия/Аларкан (Палестина) – 21:15, 21:16Богату/Яковлев - Ким/Бае (Оңтүстік Корея) – 21:16, 21:8Қабылбекова/Иванченко – Ксю/Кси (Қытай) – 10:21, 5:21

Фото:volley.ir