Гуанчжоуда өтіп жатқан WTA 250 турнирінде оқыс жағдай тіркелді. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның қарсыласы Клара Таусон ойын кезінде есінен танып қалды.

Екінші сеттен кейін дат қызы медициналық үзіліс алды. Ал үшінші партия басталған сәтте Клара екі рет қателесті. Артынша кортқа есінен танып құлады.

Дәрігерлер теннисшіге көмек көрсетіп, ойын алаңынан арнайы арбамен алып кетті. Нәтижесінде жарыстан шығып қалды. Ойын кезінде Гуанчжоуда 30 градус ыстық болған.