Қыркүйектің 21-нен 22-сіне қараған түні Загребте Конференция лигасының топтық кезеңі аясында жергілікті «Динамо» мен «Астана» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Динамо» Загреб — «Астана» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, «Астана» Конференция лигасында Чехияның «Викториясы» (Пильзень), Косовоның «Балкани» командасы және «Динамо» Загребпен бір топта өнер көрсетеді.