«Ордабасы» шабуылшысы Всеволод Садовскийге «Ақтөбеге» қарсы матчта алған жарақатынан кейін ота жасалды.

«Ақтөбедегі ойында бұғана сүйегі сынған болатын. Ота сәтті өтіп, қазір футболшы қалпына келу жұмысын бастап кетті.

Алаңға қашан оралатыны жайлы ақпаратты алдағы уақытта хабарлаймыз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.