Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Румынияға қарсы өткізді.

Алматыда өткен матчта Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы таймда қарсылас қақпасына төрт гол соққанымен, екінші таймда Румыния ойыншылары есеп айырмасын 1 допқа дейін қысқартты.