Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия Кубогының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Қазақстан құрамасы (Лаура Қабылбекова, Надежда Иванченко) Оңтүстік Корея құрамасын 2:0 (21:18, 21:13) есебімен оңай ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, қыздарымыз екінші кездесуін Астана уақытымен сағат 19:00-де Тәжікстан құрамасына қарсы өткізеді.