Қазақстанның UFC-дегі тұңғыш өкілі Мария Агапова 7 қазан күні UFC Vegas 80 турнирінде Монтана Де Ла Розаға қарсы октогонға шығады, ол Стефани Эггерді алмастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Маша 2022 жылдың қыркүйегінен бері жекпе-жек өткізбеген.

Еске салайық, Агапова UFC мансабында бес жекпе-жек өткізіп, оның екеуі жеңіспен, үшеуі жеңіліспен аяқталған.