Ханчжоуда өтетін XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын шахматтан Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Шахматтан Қазақстан құрамасы:

Жансая Әбдімәлік, Алдияр Аңсат, Бибісара Асаубаева, Ринат Жұмабаев, Меруерт Камалиденова, Қазыбек Нөгербек, Алуа Нұрманова, Динара Сәдуақасова, Әлішер Сүлейменов және Рамазан Жалмаханов.