Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Австрияның Бад Вальстердорф қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның алғашқы ойындағы қарсыласы неміс спортшысы Рудольф Моллекер болды. Германия өкілі екі сетте 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 45 минутқа созылды