35 жастағы «Жетісу» қақпашысы Андрей Пасеченко Қазақстан чемпионаттарында өткізген матчтары бойынша Талдықорған клубының рекордшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андрей Пасеченко «Жетісу» сапындағы дебютін 2013 жылдың 15 наурызында Алматыда «Ордабасымен» (0:0) өткізген болатын. Ол бүкіл матчты бастап, ойнады. Бұл оның Жетісу командасында Премьер-лигада ойнаған бесінші маусымы және осы уақытқа дейін 85 матч өткізіп, 100 гол жіберіп алған.

Премьер-лигада «Жетісу» сапында барлығы 45 қақпашы мен 3 алаң ойыншысы өнер көрсетті. Қақпашылар арасындағы үздік көрсеткіш – Алмат Бекбаев – бір ойынға орта есеппен 0,86 гол.