СЭ хабарлағандай, чехиялық шабуылшы Рудольф Червены «Барыспен» 2023/24 маусымының соңына дейін келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Червены ҚХЛ-да «Слован», «Динамо Рига» және «Адмирал» командаларында ойнаған.

2022/23 маусымында форвард ҚХЛ тұрақты маусымында «Адмирал» сапында 60 матчта 20 ұпай (13+7) жинап, плей-офф кезеңіндегі 12 ойында 3 нәтижелі пас берді.