Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы OLIMPBET-пен бірге ұйымдастырған OCTAGON OLIMPBET SELECTION 27 іріктеу турнирі аясында жеңіл салмақта жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой деңгейдегі дебютанттар арасындағы жекпе-жекте тәжікстандық Амириддин Ходжиев қазақстандық Бақытбек Махановпен кездесті. Бірінші раундтың екінші минутында Ходжиев қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.