Ханчжоуда өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар:

Ерлер: Дмитрий Попко, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин және Денис Евсеев.

Әйелдер: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова және Жанель Рустемова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сапында ел көшбасшылары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ.