Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық команда жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 1-минутында Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін 3-минутта Нельсон Ножье басымдықты арттырды. Ал 37-минутта Райли Барбер мергендік танытса, 43-минутта Понтус Оберг көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Елордалық Джозеф Лабейт 46, Понтус Оберг 54-минутта екінші голын соқса, Всеволод Логвин 57, Дінмұхамед Қайыржан 58-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Барыс қарсыласынан 8:0 есебімен басым түсті. Енді елордалық клуб қатарынан үш ойынын сырт айдында өткізеді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 8:0 (2:0, 1:0, 5:0)

Шайбы:1:0 — 00:13 Лабат (Скленичка, Шалапов)2:0 — 03:48 Ножье (Бекетаев, Шайхмедденов)3:0 — 37:36 Барбер (Лабат, Данияр)4:0 — 43:19 Оберг (Скленичка, Барбер)5:0 — 46:01 Лабат (Скленичка, Шестаков)6:0 — 54:16 Оберг (Скленичка, Барбер)7:0 — 56:20 Логвин8:0 — 57:12 Кайыржан

Қақпашылар: Шутов — Тихомиров 00:00-04:39, Гарипов 04:39-60:00

Ереже бұзулар: 10:12 (2:2, 4:2, 4:8).