Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 50 турнирінде жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Жеңіліп көрмеген бахрейндік Магомед Магомедов (12-0) бразилиялық Рафаэль Собралмен кездеседі.
Магомедов ұйымның жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, ол биыл тамыз айында титулды өз еркімен босатқан болатын. Белбеуін қорғаған соңғы кездесуінде экс-чемпион қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевты (22-10-1) техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, 23 қыркүйекте Алматыда өтетін кештің басты жекпе-жегінде тәжірибелі қазақстандық файтер Георгий «Рыцарь» Кичигин (28-10) ресейлік Ричард Тотровпен (12-6) жартылай орта салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады.
OCTAGON 50 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Комментарии