Қазақстандық «Барыстың» шабуылшысы Әлихан Әсетов Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) матчында төбелескені үшін жазаланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ВИДЕО. «Барыс» хоккейшісі ҚХЛ матчында қарсыласын ұтты

«ҚХЛ спорт және тәртіп комитеті «Барыс» - «Адмирал» кездесуінің эпизодын қарады.

Уақыт – 23:43

Ұсынылған материалдар негізінде «Барыстың» шабуылшысы Әлихан Әсетовке 3.4-тармақ бойынша тағайындалған жазаны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. ҚХЛ Тәртіптік ережесінің 28-бабына сәйкес (төбелесті қоздырушы) ақшалай айыппұл салынады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.