Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік ондық өзгеріссіз қалды: көш басында сербиялық Новак Джокович, одан кейін испаниялық Карлос Алькарас пен ресейлік Даниил Медведев.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 29-орыннан 35-орынға төмендеді. Тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов 3 сатыға көтеріліп, қазір 126-орында.