CS:GO-дан ESL Pro League Season 18 турнирінің C тобында Natus Vincere ұжымы FaZe Clan командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Киберспорт
18.09.2023 11:31
ESL Pro League Season 18. NAVI ұжымы С тобында бірінші орын алды
Матч 2:0 есебімен аяқталды (Anubis-те 16:4 және Nuke-де 16:13). Александр s1mple Костылевтің командасы С тобында бірінші орын алды.
NAVI ширек финалда ойнайды. FaZe Clan плей-оффты 1/8 финал кезеңінен бастайды.
ESL Pro League Season 18 турнирі 30 тамыз бен 1 қазан аралығында Мальтада өтіп жатыр.
Комментарии