Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионына Алматыдағы сауда үйінде төбелес шығарды деген айып тағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желіде Алмат Кебіспаев Алматыда балалар дауласып қалғаннан кейін ер адамды ұрғаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға 6 қыркүйекте «Атакент‎» орталығында болған. Зардап шекен адамның қызы сол күні туған күнін атап өтіп жатқан. Ол жақта қызынан бөлек тағы 4 баласы болыпты.

Бір кезде ер адамның балаларына шағым жасап әйел келген. Әйелдің айтуынша, ер адамның ұл-қыздары оның балаларына ойыншық лақтырған. Артынша қыздың әкесіне екі ер адам келіп, бірі соққы жасаған. Ұрған Алмат Кебіспаев болыпты.

Алмат Кебіспаев – грек-рим күресінен қазақ палуаны, Олимпиада қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2009 және 2017 ж.), Азия чемпионатының жеңімпазы (2011), Иван Поддубный атындағы Гран-придің алтын жүлдегері, Мәскеу мен Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Жәбірленушінің айтуынша, ол полицияға арыз жазған, бірақ құқық қорғау органдары ешқандай әрекетке бармаған.