Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб (11-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның келесі кездесуі 7 қарашада Texas Troubadour Theatre-де (Нэшвил, АҚШ) өтеді. Кездесу 8 раундқа есептелген. Әзірше қарсыласы кім болатыны белгісіз.
Айта кетейік, Шваб кейінгі жекпе-жегін биыл ақпанда Доминикана Республикасында өткізіп, венесуэлалық Эльбер Рохасты (18-7-2, 15 КО) жеңген.
Комментарии