Дзержинскілік «Арсенал» сапында ойнайтын 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Матвей Герасимов Беларусь Бірінші лигасының 24-турында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жодино-Южное» командасына қарсы матчта Герасимов алаңға 46-минутта шықты. Ал 58-минутта бұрыштамадан кейін баспен дәл соққы жасады.

Одан бөлек қазақстандық жартылай қорғаушы Дмитрий Бачек 74-минутта ойынға араласты.