Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Зуев сербиялық ИМТ сапында дебютін өткізіді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зуев Сербия чемпионаты аясындағы «Раднички Нишке» қарсы матчта 78-минутта алаңға шықты. Оның командасы 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Қазір Зуетің жаңа командасы турнир кестесінде жеті ұпаймен 11-орында тұр.

Айта кетейік, Александр Зуев осы шілдеде Қазақстан азаматтығын алған, одан кейін құрамаға да шақыртылды, бірақ әзірше дебютін өткізбеді.