Қазақстандық ММА файтері Нұрбек Қабдрахманов Америкалық промоушендердің ұсыныстары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қалай десем екен? Америкада болған кезде менеджерлерден ұсыныстар болды, бірақ бәрі-бір алға жылжулар болмады. Сол жерде қарсылас келісіп - соңғы сәтте бас тартып жатты», - деп түсіндірді Legalbet.kz сайтына.

Бұған дейін Қабдрахмановтың әріптесі Жалғас Жұмағұлов БАҚ өкілдеріне Нұрбектің Naiza FC белбеуін жеңіп алып, АҚШ-қа баруды жоспарлап отырғанын айтқан.