Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда ол грузиялық Мириан Майсурадзеден 8:2 есебімен басым түсті. Шешуші белдесу 18 қыркүйекте өтеді.

Ширек финалда ол түркиялық Фейзулла Актюркті алғашқы үш минутта-ақ 11:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты Белградта өтіп жатыр.