Ақтөбе облысының экс-әкімдері Архимед Бегежанов пен Оңдасын Оразалин "Ақтөбе-Ордабасы" ойындарын стадионның VIP кабинасында отырып тамашалады.

16 қыркүйекте "Ақтөбе" өз алаңында Шымкенттің "Ордабасы" командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. "Алқызылдарды" қолдауға келгендердің көп болғаны соншалық стадионда ине шаншар жер болмады. Ойынды көруге келгендер арасында облыстың жаңа әкімі де болды. Асхат Шахаров ойынды көпшілікпен бірге трибунада отырып қарады. Сонымен қатар ойынға жанкүйерлік етуге Ақтөбе облысының бұрынғы әкімдері Архимед Мұхамбетов пен Оңдасын Оразалин де келді. Олар ойынды стадионның VIP залында отырып тамашалады.

Ойыннан кейін KAZ.NUR.KZ тілшісі саяси алаңнан алшақтап кеткен экс-шенділердің қазір қайда жүргенін сұрады. Оңдасын Оразалин "Астанадамын" деп қысқа қайырды. Ал Архимед Бегежанұлы: "Мен Аст… недемін, Алматыдамын" деп қоштасты. Кейін Ақтөбе облысының экс-әкімдері бір көлікке отырып кетті.