Бүгін 193,3 шақырымды құрайтын «Марко Пантани мемориалы» атты бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жеңімпазы қазақстандық - Алексей Луценко. Біріккен Араб Әмірліктерінің Team Emirates командасының атынан шыққан швейцариялық спортшы Марк Хирши жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. INEOS Grenadiers командасынан француз шабандозы Павел Сиваков мәреге үшінші болып келді.

Қазақстандық команданың көшбасшысы үшін бұл жеңіс маусымдағы алтыншы жеңіс болды.