17 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегаста UFC Noche турнирі өтіп, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Алекса Грассо бұрынғы титул иегері Валентина Шевченкомен қарымта кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек бес раундқа созылып, тең аяқталды. Осылайша мексикалық белбеуді сақтап қалды.

Екі қыз үшін бұл мансабындағы алғашқы тең нәтиже. Қазір Гроссода 16 жеңіс, 1 тең және 4 жеңіліс бар, Шевченконың статистикасы 23-1-4.

Осы жылдың наурыз айында UFC 285 турнирінде мексикалық қарсыласын төртінші раундта ұтқан еді.