Бүгіг елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында Владивостоктың «Адмиралын» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде қазақстандық команда 4:3 есебімен жеңді.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Адмирал» (Владивосток, Ресей) 4:3

Шайбалар:

1:0 - ЛаБейт (Оберг, Барбер), 05:11. 1:1 - Чудинов (Горшков), 16:55.

1:2 - Шэн (Чудинов, Гутик), 24:49.

2:2 - Бракко (ЛаБейт, Барбер), 26:12.

2:3 - Фьоре (Соловьев, Горшков), 40:20.

3:3 - Старченко (Скленичка), 42:36.

4:3 - Старченко (Шайхмедденов, Шалапов), 53:25.

Қақпашылар: Шутов - Серебряков

Еске салайық, елордалық клуб бұған дейін қатарынан 5 матч бойы жеңіліп келген еді. ҚХЛ-да жеңіске жетпеген жалғыз клуб болған.

Фото: hcbarys.kz