«Лионның» баспасөз қызметі клубтың жаңа бас бапкері болып Фабио Гроссоның тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық маманмен келісімшарт маусымның соңына дейін (ұзарту мүмкіндігімен) жасалған.

Гроссо «Лион» сапында 2007-2009 жылдар аралығында өнер көрсеткен болатын.