«Ювентус» жартылай қорғаушысы Поль Погбадан екінші рет допинг-сынама алу 5 қазанға шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның себебі 20 қыркүйекте ойыншының өкілі бос болмайды екен.

Хавбек 20 тамызда алынған сынамадан допинг табылуына байланысты уақытша шеттетілген болатын.