ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе «Ән-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Интер Майами» футболшысы Лионель Мессиге деген көзқарасы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

«Мен Криштиануды жақсы көремін және бала кезімде оның жанкүйері болдым, бірақ кейін мен Мессидің ойынын зерттей бастадым, себебі сен Роналдудың жас жанкүйері болған кезде Мессидің қаншалықты мықты екенін түсіне алмайсың, өйткені сен Криштиануды жақсы көресің, бірақ мен есейдім, енді маған екеуі де ұнайды», - деді Мбаппе әлеуметтік желіде.

24 жастағы француз 2021-2023 жылдар аралығыды ПСЖ сапында Мессимен бірге ойнаған.

Осы маусымда Мбаппе франциялық клуб сапында 4 матч өткізіп, 7 гол соқты.

Роналду «Аль-Наср» сапында 5 матч өткізіп, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Месси «Интер Майами» сапында 11 ойынға қатысып, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Фото: Reuters