Бірінші жартылай орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) келесі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 қыркүйекте Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) Жүкембаев аргентиналық Уго Альберто Рольданмен (22-1-1, 7 КО) жұдырықтасады.

«20 қыркүйек. Қазақ еліне жеңіс сыйлауды Алла маған нәсіп етсін!», — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Батыр бұған дейінгі жекпе-жегін былтыр 24 желтоқсанында Алматыда өткізді. Онда оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген.