2023 жылғы Екінші лига маусымының қорытындысы бойынша Бірінші лигаға көтерілген төрт клубтың бәрі анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Солтүстік-Шығыс конференциясында жезқазғандық «Ұлытау» (45 ұпай) мен елордалық SD Family (41) жоғары лигаға өтті.

Ал Оңтүстік-батыс конференциясында қызылордалық «Қайсардың» жастар командасы (37) мен Түркістан облысының «Жетысайы» (36) Бірінші лигаға жолдама алды.