Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны әрі қақпашысы Игита 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерландыны (2:0) жеңген соң пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«+3. Алға, жігіттер! Қазақстандық отбасы», – деп жазды Игита Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қос голын Эдсон мен Дәурен Тұрсағұлов соқты.

Элиталық іріктеу кезеңінде Қазақстан «А» тобында өнер көрсетіп жатыр. Топта Нидерланды, Әзербайжан және Румыния бар. Келесі ойында команда Румыниямен кездеседі. Ойын Алматыда 20 қыркүйек күні Астана уақытымен 20:00-де өтеді.