16 қыркүйекте елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында Владивостоктың «Адмиралын» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» — «Адмирал» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:30-да басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, «Барыс» биылғы маусымдағы 5 матчта 3 ұпай ғана жинады.