Бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңі аясында Болгариямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойын күнінде алдымен Тимофей Скатов (123 ATP) пен Димитар Кузманов (179 ATP) кездеседі. Олардан кейін кортқа Александр Бублик (29 ATP) пен Янаки Милев (569 ATP) шығады.

Екінші ойын күні 17 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14:00-де жұптық матчпен басталады. Онда Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александр Донски және Лазаровпен кездеседі. Одан кейін Бублик Кузмановпен кездеседі, ал соңғы кездесу Скатов пен Милев арасында өтеді.

Кездесу Астана уақытымен 15:00-де басталады. Командалар арасындағы текетіресті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.