Британиялық теннисші Энди Маррей Дэвис кубогының топтық кезеңінде швейцариялық Леандро Риеди жеңді, жеңісін марқұм әжесіне арнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде Маррей Риедиді (6:7, 7:9, 6:4, 6:4) есебімен ұтты. Ойыннан кейін ол көз жасын тыя алмады.

«Бүгін отбасыммен бірге бола алмайтыныма өкінемін. Әже, бұл жеңісім сізге арналады. Бұл туралы әкеммен сөйлестім, ол: «Ол сенің ойнағаныңды қалайды, тек жеңіске жеткеніңе көз жеткіз» деді, мен солай істедім», - деп келтіреді Маррейдің сөзін ВВС.