Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінде Нидерландпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар қатарында Эдсон мен Дуглас гол авторы атанды.

ӘЧ іріктеуі. Элиталық кезең.

Нидерланды - Қазақстан (0:2)

Голдар: Эдсон 3 (0:1), Дуглас 27 (0:2)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 20 қыркүйекте Алматыда өткізеді. Рикардо Кака шәкірттері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Румыния құрамасымен кездеседі.