OCTAGON 50 турнирі аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық Дамир Төленов (10-0) октогонға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

23 қыркүйекте Алматыда өтетін Еуразиялық жекпе-жек лигасының мерейтойлық іс-шарасының бірлескен басты жарысында «Қазақ Сехудосы» бразилиялық Кладези Бритомен (8-2) кездеседі. Оңтүстікамерикалық файтер қатарынан үш жекпе-жек өткізіп, жеңілген жоқ, кәсіпқойлықтағы барлық жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Төленовке келетін болсақ, алдағы жекпе-жек оның үстіміздегі жылдың мамыр айында Қырғызстан өкілі Сұлтанбек Орозмамат уулумен болған жекпе-жекте тағы бір сәтті қорғанысынан кейін жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион атағын өз еркімен тастап кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ.