«Словакия туры» көпкүндік веложарысының 3-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» сапында үздік нәтижені италиялық шабандоз Микеле Гоццоли көрсетті. Ол мәреге екінші болып жетті.

Кезеңнің жеңімпазы Soudal - Quick Step командасының италиялық спортшысы Андреа Баджили атанды. Екінші орынды астаналық Гоццоли иеленсе, үздік үштікті Groupama - FDJ командасының өкілі Штефан Кюнг түйіндеді.

«Словакия туры». 3-кезең. Ружомберок - Мартин. (171,6 км)

1. Андреа Баджоли (Soudal - Quick Step) - 3:54:24;2. Микеле Гоццоли («Астана») +,,3. Штефан Кюнг (Groupama – FDJ) +,,

Жалпы есеп:

1. Реми Каванья (Soudal - Quick Step) - 7:37:35;2. Мулу Кинфе Хайлемайкл (Caja Rural – Seguros) +2:20;3. Штефан Кюнг (Groupama – FDJ) +2:23;…22. Кес Бол («Астана») +5:56