Қазақстан Біріккен ММА федерациясының баспасөз қызметі ведомствоның қазіргі президенті Алик Айдарбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан Біріккен ММА федерациясының бапкерлері мен спортшылары федерацияның қазіргі президенті Алик Айдарбаевқа іздеу салды.

Алик Серікұлы, спортшылармен байланысқа шығуыңызды сұраймыз!», - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 2013-2017 жылдар аралығында Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, 2018-2022 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы болған.

Осы жылдың ақпан айында Айдарбаев Ұлыбританияда өткен мерекелік шарада көзге түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Алик Айдарбаев 2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Біріккен ММА федерациясының басшысы болып сайланған болатын.