Бүгін ұзындығы 198,9 шақырым құрайтын италиялық «Коппа Сабатини» біркүндік веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жеңімпазы UAE Team Emirates командасының шабандозы Марк Хирши атанды. INEOS Grenadiers намысын қорғаған Павел Сиваков жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Үздік үштікті UAE Team Emirates командасының өкілі Тадей Погачар түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Алексей Луценко көрсетті. Ол мәреге бесінші болып жетті.

Біркүндік веложарыс. Коппа Сабатини. 198,9 км

1. Марк Хирши (UAE Team Emirates) - 4:47:152. Павел Сиваков (INEOS Grenadiers) +0:023. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) +0:18...5. Алексей Луценко («Астана») +,,

Фото: instagram/lutsenko_alexey