ПСЖ вингері Марко Асенсио құрама сапында жарақат алғандықтан, команданың алдағы матчтарына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы футболшы 8 қыркүйекте Испания құрамасы сапында Грузияға қарсы өткен матчта жарақат алған болатын.

L'Equipe мәліметінше, Марко бір айдай ойнай алмайды. Яғни, париждіктер Чемпиондар лигасын Асенсиосыз бастайды.

Марко Асенсио ПСЖ сапында үш матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.