Монсон 2018 жылы Ресей азаматтығын алды. 2023 жылдың ақпан айында 52 жастағы спортшы АҚШ азаматтығынан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аралас жекпе-жек спортшысы 52 жаста. Мамыр айында өткен «Единая Россия» партиясының праймеризінде жеңіске жетіп, депутаттыққа үміткер атанды.

2022 жылдың қарашасында «БИЗНЕС Online-ға» берген сұхбатында Монсон ішінара жұмылдыру, Ресей Федерациясына жаңа аумақтарды қосу және Батыс насихаты туралы пікірін айтты.