Қазақстандық теннисші Анна Данилина Сан-Диегода (АҚШ) өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина америкалық Бетани Маттек-Сандсоймен бірге өнер көрсетіп жатыр. Олар 1/8 финалда Эйкери/Нил (АҚШ) жұбын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.