2023 жылы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақта жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ерлер бөлігінде мысырлық Карим Абокахла жеңісті тойлады. Кәрім барлығы 387 келіні көтерді. Бұл өткен жылғы чемпион, бахрейндік ауыр атлет Лесман Паредестен 10 келіге аз. Қазіргі әлем чемпионатында кореялық Джонбум Вон (384 келі) күміс алды. Үздік үштікті ирактық ауыр атлет Касим Аль Лами (379 келі) түйіндеді.

Қазақстандық ауыр атлет Асылжан Бектай 368 (168+200) ұпаймен жарысты 11-ші орынмен аяқтады.