«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас директор тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл қызметке Азамат Шайхы тағайындалды.

Азамат Шайхы – самбошы, спорттық мансабын аяқтағаннан кейін спорттық қызметке кірісті, ұзақ уақыт «Ақжайық» клубының бас директоры қызметін атқарды. Оның тұсында клуб Бірінші лигаға түсіп қалды.

Еске сала кетейік, бұл қызметті бұған дейін Сергей Куленко атқарған болатын.