Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ресейлік Анна Калинскаямен жұптасып, Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Путинцева мен Калинская жапониялық Юки Найто/Моюка Учидзима жұбымен кездесіп, үш сетте 6:2, 3:6, 10:12 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда теннисшілер Дайан Парри/Надя Подороска (Франция/Аргентина) және Наикта Бэйнс/Майя Лумсден (Ұлыбритания) арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Путинцева сол турнирдің басында жекелей сында ресейлік тенннисшіні сенімді жеңген болатын.